Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Таразда тағы екі көппәтерлі үй өз тұрғындарын тапты

2012-01-05
Таразда тағы екі көппәтерлі үй өз тұрғындарын тапты

Кеше Тараздағы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 5 қабатты, 70 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді.
Таяуда ғана мұнда көп қабатты тұрғын үй ипотекалық несие негізінде тұрғындар игілігіне берілсе, мына екі үйдің қуанышы басқасынан асып түсті. Өйткені, бұл коммуналдық деп аталған тұрғын үйлерге көп жылдардан бері кезек күтумен келе жатқан әлеуметтік топтың өкілдері қоныстанады.
– Елбасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылғы Жолдауында елімізді әлеуметтік жаңғыртуға ерекше көңіл бөлгені белгілі, – деді Кәрім Насбекұлы. – Бүгінгі салтанат – соның дәлелі. Бұл үйлердің құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қос үйдің әрқайсысының тендерлік құны 285 миллион теңгеден асып жығылады. Мердігерлер – «Бином» және «Жамбыл химстрой инженеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Құрылыс фирмалары тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында үлкен сый жасап отыр. Үйлердің сапасы өте жоғары деңгейде. Осы қоныс тойын тойлағалы отырған барлық шаңырақ иелерін шын жүректен құттықтап, үйлеріңіз ырыс-берекеге толсын дейміз.