Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Еңбек заңнамасын өзгерту: құқық қолдану және сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбындағы семинар

2017-09-18
«Еңбек заңнамасын өзгерту: құқық қолдану және сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК-нің 2017 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2017 жылғы 14 қыркүйекте Астана қаласында «Еңбек заңнамасын өзгерту: құқық қолдану және сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының және филиалдарының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жауапты жұмыскерлері. Семинарда мынадай мәселелер қаралды: • ҚР Еңбек кодексінің (23.11.2015 ж. № 414-V ҚРЗ) жаңа нормаларын қолданудың тәжірибелік мәселелері. • Еңбек шартын (ЕШ) жасасу, орындау және бұзу. Тараптар, жұмыскер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттемелері; ЕШ-тің мазмұны, мерзімі, жүкті әйелдермен ұзарту ерекшеліктері; ЕШ болмауының құқықтық салдары, жасасу кезінде қайталануы. ЕШ-ні «қайта жасасу» кезінде жұмыс берушінің тәуекелдері. Жұмыскерлер өкілдігінің институты туралы нормаларды қолданудың проблемалық мәселелері (оның ішінде жұмыс берушінің актісін басып шығару кезінде). Жұмысқа қабылдау кезінде сынау: сынақтың теріс нәтижесі кезінде ЕШ-ті бұзу; жұмыскердің лауазымына сәйкес келмеуін дәлелдеу мәселесі. Ауыстырулар: денсаулық жағдайы бойынша уақытша ауыстыру туралы жаңа нормалар; денсаулық жағдайы бойынша жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкінсіздігі жағдайында жұмыс беруші үшін залалы; жүкті әйелдердің басқа жұмысқа уақытша ауысуы. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру: еңбек жағдайын өзгерту негізі және тәртібі; лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағын кеңейту) және жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндетін атқару. • ЕШ-ті тоқтату. Тараптардың келісімі бойынша (оның ішінде өтемақы төлеумен), жұмыскерлердің бөлек санаттарымен ЕШ-ті тараптардың келісімі бойынша бұзу кезінде жұмыс берушінің пайдасы, жұмыскердің бастамасы (жұмыс берушінің тәуекелі); жұмыс берушінің бастамасы (оның ішінде жұмыскер еңбек тәртібін бұзғаны салдарынан штатты және жұмыскерлер санын қысқартуға байланысты және т.б.) бойынша. Жұмыстан айырылғанына орай өтемақы төлемдері. ЕШ-ті бұзу рәсімін бұзған кезінде жұмыс беруші үшін салдарлары. • Жұмыс уақыты: проблемалы мәселелер. Жұмыс уақытының қалыпты, қысқартылған, аз және толық емес ұзақтығы; жұмыс аптасының түрлері; күнделікті жұмыс уақыты және бөліктерге бөлу (жұмыс ауысымы). Ауысымды жұмыс (ауысым кестесін жасау кезінде жұмыскер үшін тәуекел). Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс. Түнгі уақыттағы жұмыс: тәртібі, шектеулері, төлем. Үстеме жұмыстар: ұғымы, шекті саны. Жұмыскерлерді демалыс және мерекелі күндері жұмысқа тарту жағдайдағы жұмыс берушінің тәуекелі. Жұмыс уақытын есепке алу. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшелігі. • Демалыс уақыты. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезіндегі жаңалықтар; кейінге ауыстыру жағдайлары мен тәртібі; ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алу, ЕШ-ті тоқтату кезінде пайдаланылмаған ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы үшін өтемақы. Жалақысы сақталмайтын демалыс беру (оқу демалысы, жалақысы сақталмайтын демалыс және т.б.). Бала күтіміне арналған демалыс. • Жұмыскердің және Жұмыс берушінің жауапкершілігі. Тәртіптік жазалар: түрлері, қолдану тәртібі, шағымдану, алу; жұмыс берушінің тәуекелі. Жұмыскерге оны еңбек ету мүмкіншілігінен заңсыз айырумен келтірген зияны үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі, жұмыскердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін. Жұмыскердің материалдық жауапкершілігінің шегі. • Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру: оқыту шарты; білім беру ұйымдарында және мекемелерде жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберу кезінде қосымша заңнамалық артықшылықтары. • Соттардың еңбек заңнамасының нормаларын қолдану тәжірибесі: сараптамалық талдау және ұсынымдар. • «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 24.01.2017 ж. № 28 бұйрығына сәйкес заңды тұлғалардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды ұйымдастыру. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді. rus © gosexpertiza 2015 КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫСұрақ-жауапЖАРИЯЛАНЫМДАРБайланыстарКері байланыс