1961 жылы 9 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, қазақ
Үйленген, төрт баласы бар.
Білімі:
1985 жылы – Алматы сәулет-құрылыс институты, мамандығы: өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, біліктілігі – инженер-құрылысшы,
2004 жылы – Құрылыс, бағалау және сапаны басқару технологиясы университеті, Алматы қ-сы, мамандығы: мүліктің кадастрлық-құқықтық сараптамасы, біліктілігі – заңгер-сарапшы.
Наградалары, алғыстары:
Қазақстан Республикасы Құрылыс істері комитетінің Құрмет грамотасы (2001 жыл);
«Тохоку Электри ПауэрКо.Инк» компаниясының алғыс хаты(2006 жыл);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» Қазақстан Республикасының Мерейтойлық медалі;
«Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметіне 20 жыл» Қазақстан Республикасының Мерейтойлық медалі;
«Құрмет» ордені (2014 жыл);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 жыл);
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2017 жыл);
«KAZENERGY» медалі (2017 жыл);
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы (2017 жыл);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің Алғыс хаты (2017 жыл);
«Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» медалі (2018 жыл);
«Мемсараптама» РМК 30 жыл» мерейтойлық медалі (2018 жыл);
Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты (2018 жыл);
«Қызылорда қаласына 200 жыл» мерейтойлық медалі (2018 жыл).
Құрметті атақтары:
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі (2010 жыл);
«Даңқты құрылысшы» құрмет белгісі (2018 жыл);
«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2017 жыл).
Жұмыс тәжірибесі:
1978 -1994 жылдары | Мемлекеттік органдарда әртүрлі лауазымдардағы жұмысы; |
1994 жылғы мамыр – 1996 жылғы қазан | Жалпактал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары; |
1996жылғы қазан – 2001 жылғы қаңтар | «Оралавтожол» Орал қазыналық кәсіпорнының жол қоры бойынша бас маманы, директорының орынбасары; |
2001 жылғы ақпан – 2002 жылғы ақпан | Батыс Қазақстан облыстық лицензиялау орталығының директоры; |
2002 жылғы наурыз - 2003 жылғы қазан | Басқарма бастығы, ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитеті Батыс Қазақстан облысы Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы; |
2003 жылғы қазан – 2005 жылғы сәуір | ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитеті Батыс Қазақстан облысы сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасыны ң бастығы; |
2005 жылғы сәуір – 2007 жылғы маусым | Орал қаласы әкімінің орынбасары; |
2007 жылғы шілде – 2008 жылғы қыркүйек | «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жобалау және күрделі құрылыс департаменті дирекциясы» филиалының директоры; |
2008 жылғы қазан – 2008 жылғы қараша | Батыс Қазақстан облысы әкімінің құрылыс жөніндегі кеңесшісі; |
2009 жылғы тамыз – 2010 жылғы тамыз | «Super-Accord Astana» ЖШС-нің бас директоры; |
2011 жылғы қаңтар – 2011 жылғы шілде | Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының кеңесшісі; |
2011 жылғы қараша – 2013 жылғы наурыз | Ақмола облысы бйоынша мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаментінің директоры; |
2013жылғы сәуір – 2013 жылғы қараша | Қазақстан Республикасы Өңірлік даму минситрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы; |
2013 жылғы қараша - 2016 жылғы маусым | «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары; |
2016 жылғы маусым | «Мемсараптама» РМК бас директоры. |
Жетекшілік ететін мәселелері:
Мемсараптама» РМК басшылығы