Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Редакция Бас директор от 2018-12-24

Бас директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин

1961 жылы 9 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, қазақ
Үйленген, төрт баласы бар.

Білімі:
1985 жылы – Алматы сәулет-құрылыс институты, мамандығы: өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, біліктілігі – инженер-құрылысшы,
2004 жылы – Құрылыс, бағалау және сапаны басқару технологиясы университеті, Алматы қ-сы, мамандығы: мүліктің кадастрлық-құқықтық сараптамасы, біліктілігі – заңгер-сарапшы.

Наградалары, алғыстары:
Қазақстан Республикасы Құрылыс істері комитетінің Құрмет грамотасы (2001 жыл);
«Тохоку Электри ПауэрКо.Инк» компаниясының алғыс хаты(2006 жыл);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» Қазақстан Республикасының Мерейтойлық медалі;
«Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметіне 20 жыл» Қазақстан Республикасының Мерейтойлық медалі;
«Құрмет» ордені (2014 жыл);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 жыл);
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2017 жыл);
«KAZENERGY» медалі (2017 жыл);
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы (2017 жыл);
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің Алғыс хаты (2017 жыл);
«Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл» медалі (2018 жыл);
«Мемсараптама» РМК 30 жыл» мерейтойлық медалі (2018 жыл);
Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты (2018 жыл);
«Қызылорда қаласына 200 жыл» мерейтойлық медалі (2018 жыл).

Құрметті атақтары:
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі (2010 жыл);
«Даңқты құрылысшы» құрмет белгісі (2018 жыл);
«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2017 жыл).

Жұмыс тәжірибесі:

1978 -1994 жылдары Мемлекеттік органдарда әртүрлі лауазымдардағы жұмысы;
1994 жылғы мамыр – 1996 жылғы қазан Жалпактал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;
1996жылғы қазан – 2001 жылғы қаңтар «Оралавтожол» Орал қазыналық кәсіпорнының жол қоры бойынша бас маманы, директорының орынбасары;
2001 жылғы ақпан – 2002 жылғы ақпан Батыс Қазақстан облыстық лицензиялау орталығының директоры;
2002 жылғы наурыз - 2003 жылғы қазан Басқарма бастығы, ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитеті Батыс Қазақстан облысы Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы;
2003 жылғы қазан – 2005 жылғы сәуір ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитеті Батыс Қазақстан облысы сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасыны ң бастығы;
2005 жылғы сәуір – 2007 жылғы маусым Орал қаласы әкімінің орынбасары;
2007 жылғы шілде – 2008 жылғы қыркүйек «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жобалау және күрделі құрылыс департаменті дирекциясы» филиалының директоры;
2008 жылғы қазан – 2008 жылғы қараша Батыс Қазақстан облысы әкімінің құрылыс жөніндегі кеңесшісі;
2009 жылғы тамыз – 2010 жылғы тамыз «Super-Accord Astana» ЖШС-нің бас директоры;
2011 жылғы қаңтар – 2011 жылғы шілде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының кеңесшісі;
2011 жылғы қараша – 2013 жылғы наурыз Ақмола облысы бйоынша мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаментінің директоры;
2013жылғы сәуір – 2013 жылғы қараша Қазақстан Республикасы Өңірлік даму минситрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы;
2013 жылғы қараша - 2016 жылғы маусым «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары;
2016 жылғы маусым «Мемсараптама» РМК бас директоры.

Жетекшілік ететін мәселелері:
Жобалардың (жобалау алдындағы, жобалау-сметалық құжаттамасына) мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу.