Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Бас директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Бас директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Жандос Жанасқарұлы Бөтенбаев

1988 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Білімі:
Жоғары білімі бар:

2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген, академиялық дәрежесі «Құрылыс бакалавры»;
2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрылыс» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген, академиялық дәрежесі «Құрылыс» мамандығы бойынша магистр»;
2019 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, академиялық дәрежесі «Құқықтану бакалавры».
Наградалары, Алғыстары:
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамотасы, 2012 жыл;
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алғыс хаты, 2013 жыл;
Ақтөбе қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2017 жыл;
«Мемсараптама» РМК 30 жыл» мерейтойлық медалі, 2018 жыл;
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы, 2022 жыл.

Жұмыс өтілі

2010 жылғы сәуір 2011 жылғы ақпан «ҚР Құрылыс істері және ТКШ агенттігі» ММ Сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының сарапшысы
2011 жылғы ақпан 2012 жылғы қыркүйек «ҚР Құрылыс істері және ТКШ агенттігі» ММ Сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті Сәулет, қала құрылысы және жобалау жұмыстары басқармасының сарапшысы
2012 жылғы қыркүйек 2014 жылғы қазан Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі ҚТҮКШІК Сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті Жобалау жұмыстары басқармасының бас сарапшысы
2014 жылғы қазан 2015 жылғы мамыр «Мемсараптама» РМК жиынтық бөлімінің сараптама алдындағы жұмыс секторының жетекші маманы, «Мемсараптама» РМК әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары
2015 жылғы мамыр 2015 жылғы қазан «Мемсараптама» РМК-нің Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары
2015 жылғы қазан 2019 жылғы қыркүйек «Мемсараптама» РМК-нің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры
2019 жылғы қыркүйек 2021 жылғы маусым «Мемсараптама» РМК-нің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының директоры
2021 жылғы 7 маусымнан Осы уақытқа дейін «Мемсараптама» РМК бас директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Жауап беретін сұрақтар / жетекшілік ететін сұрақтар шеңбері:
«Мемсараптама» РМК-нің ақпараттық технологияларын дамыту және әдістемелік қамтамасыз ету.