Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Конституция күні мен Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілген іс шара жөнінде

2015-09-11
Қазақстан Республикасы Конституция күні мен  Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілген іс шара жөнінде
Қазақстан Республикасы Конституция күні мен  Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілген іс шара жөнінде
Қазақстан Республикасы Конституция күні мен  Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілген іс шара жөнінде
Қазақстан Республикасы Конституция күні мен  Қазақ хандығының 550-жылдығына орай өткізілген іс шара жөнінде
«ХХІ ғасырда далалық Еуразияның құшақ жетпес кеңістігі қайтадан түлеп, өркендеуде. Біз өз Тарихымыздың жаңа Шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де біздің Қазақстан – ол Ұлы Дала Елі! Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол біздің Отанымыздың өткенін де, қазіргісін де, болашағын да бейнелейді» Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшірудің іс-шаралар жоспары мен ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын орындау аясында, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Керей мен Жәнібек хандары қазақ халқының дербес мемлекеттік қоғамдастық – Қазақ хандығын құрғалы 550-жыл мерейтойына арналған іс шара өтті. Өзінің бір сөзінде Елбасы тарихи жағдайда жаңа мемлекет пен қоғамның құрылу мақсаты мен нәтижесін анық бағалаған еді: «Халықтың тарихи жадын сақтамайынша, ұлтты қалыптастырып дамыту мүмкін емес, ал тарихи өткен жолымыздың елеулі кезеңі қашан да, қайда да ұлттық мемлекеттіліктің пайда болған уақыты болып табылады. Бұл арада мемлекеттілік құрылымның тұрпаты сол кезде жарамды болған-болмағаны есепке алынбайды да». Осы Елбасының сөздері тарихи өткен жолымызды тану кілті болып табылады, өйткені тарихсыз қоғам да мемлекет те болмайды. Қазақ мемлекеттігі ғасырлар бойы қалыптаса келіп, аумағы кеңейіп, билік институты дамып, мәдени-тілдік дәстүр қалыптасты. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуы жолында 1995 жылдың 30 тамызында жалпыұлттық референдумінде жаңа Конституция жобасын мақұлдау маңызды сәттерінің бірі болды. Бұл мейрам Қазақстан халқының бостандығын, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде қабылдануына ұмтылуын көрсетіп, мемлекеттік мерекелердің ең маңыздыларының бірі болып табылады. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы бұл екі ерекше күнді ілтипатынсыз қалдырмай, «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты іс шара өткізді. Іс шара ақпарат беру түрінде, Мемлекеттің пайда болуы мен дамуының тарихи оқиғаларына шолу, патриоттық бейнеролик және слайд көрсетумен өтті. А.З.Омарованың «Қазақ елі – мәңгілік ел» атты өлеңі жырланды. Іс шара соңында филиал қызметкерлері 30 сұрақтан ҚР Конституциясы жайлы ақпараттан тұратын тест сұрақтарына жауап берді.