Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына (29.12.2014ж. ред.), Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына (23.06.2015ж. ред.), Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (23.06.2015ж. ред.) сай келетін мемлекеттік сатып алулар

2015-09-21

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жөніндегі 2015 жылғы жоспар аясында, филиалдың әкімшілік-басқару ұжымының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі) О.В. Ганноченко «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына (29.12.2014ж. ред.), Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына (23.06.2015ж. ред.), Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (23.06.2015ж. ред.) сай келетін мемлекеттік сатып алулар» тақырыбына «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС 2015 жылғы 17-18 қыркүйекте Ақтөбе қаласында ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Семинарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, «Мемлекеттік тапсырыс. Сұрақтар мен жауаптар» журналының авторы, «ACTUALIS» жүйесінің сарапшысы – Худайбергенова Наталья Александровна өткізді. Семинар барысында ҚР мемлекеттік сатып алуды жүргізудің негізгі тәсілдері, әлеуетті жабдықтаушыны квалификациялық талаптарға сәйкес еместігіне тану негіздері, жосықсыз жабдықтаушылар тізімдемесін жүргізу, ҚР ӘҚКо-ға сәйкес басшылар мен мемлекеттік сатып алу қатысушыларының жауапкершілігі, және 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасы талқыланды. Екі күндік оқу курсы аяқталғаннан кейін, біліктілік өті жөнінде куәлік пен дәріс материалдары берілді. Курс ұйымдастырушыларына ҚР мемлекеттік сатып алу саласында жоғары білікті мамандардан білім алу мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз.