Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі» тақырыбына семинар

2015-09-23
«Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі» тақырыбына семинар
2015 жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлерінің ИСО/МЭК 27001 халықаралық стандарты негізінде біліктілігін арттыру бағдарламасына сәйкес, «Мемсараптама» РМК-де «TUV Rheinland Kazakhstan» халықаралық оқыту концернімен бірлескен «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі» (бұдан әрі – АҚБЖ) тақырыбына семинар өтті. Курсты «TUV Rheinland Kazakhstan» мұғалімі - Б.Н.Сейтмухамбетов жүргізді. Бұл семинар, қажетті білім мен дағдыны қалыптастыру, құжаттау, ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін енгізу және оның жұмыс күйін сақтауды қамтамасыз етуге негізделген. ISO 27001 Халықаралық стандарты ұйымдардың мәнмәтіні шегінде АҚБЖ-ін қалыптастыру талаптары, енгізу, қолдау мен жақсартудың талаптарын айқындайды. Сонымен қатар ұйымдардың қажеттілігіне жауап беретін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін өңдеу мен бағалау талаптарын қамтиды. Семинар ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлердің қатысуымен өтті. «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалы атынан бас маман А.Р.Сафиуллин қатысты. Емтихандардың нәтижесі бойынша қатысушыларға курсты аяқтағаны жөнінде сертификаттар үлестірілді.