Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған дөңгелек үстел түрінде өткен семинар

2015-09-07
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған  дөңгелек үстел түрінде өткен семинар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған  дөңгелек үстел түрінде өткен семинар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған дөңгелек үстел түрінде өткен семинар «Жемқорлыққа бой алдырса, туған-туысыма да, достарыма да, балаларыма да аяушылық болмайды» Н.Назарбаев 2015 жылғы 04 қыркүйекте Ұлт жоспары - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы, талқылауға шығарған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңының жобасы шеңберінде және «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – филиал) 2015 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асырудың Іс шаралар жоспарын орындау мақсатында филиал қызметкерлеріне «Нұр-Отан» партиясының АҚФ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық Кеңес төрағасы, Ақтөбе облысы прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қоғамдық Кеңес мүшесі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы М.С. Тәжібаева қатысуымен семинар ұйымдастырылып өткізілді. Дәріс барысында М.С. Тәжібаева филиал ұжымымен өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, абыройы мен намысын сақтай отырып өмір сүру және еңбек ету, өз елін қадірлейтін азаматтың қандай болу керектігі жөнінде сөз етті. М.С. Тәжібаева: «Заңды орындау бұл - тұмар. Заңдарды бұзбағандарға ғана заң ізгілі болады. Отбасы – қоғамның алтын діңгегі. Жемқорлыққа деген өшпенділік алдымен отбасынан басталуы тиіс». Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты жетістігі – халықтың сана-сезімін өзгерту, жемқорлыққа заң бұзушылық ретінде ғана емес, мемлекеттің дамуына қауіп төндіріп тұратын құрал ретінде қарауы болып табылады. М.С. Тәжібаева: «Ұлт жоспары - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» елімізге күш және болашаққа деген сенімділік береді. Жоспардың бір тарауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуға, сонымен бірге жаңа заңнама әзірлеуге арналады. Семинар үстінде М.С. Тәжібаева филиал ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңы жобасының негізгі қағидаларын талқылады: Заң жобасы оның мақсаттары мен міндеттерін, әрекет ету саласын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы ҚР заңнамасын, мемлекеттегі жемқорлыққа қарсы қимылдың басты бағыттарын, Заңда қолданысқа ие негізгі ұғымдарды, негізгі принциптерін, жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері жүйесін, жемқорлықтың алдын-алу шаралары, оны қадағалау, ақпараттандыру ережелерін белгілейді. ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына қарағанда, жаңа заң жобасы жемқорлықтың алдын алудың бар түрлері мен тетіктерін және жаңаларын реттейді – жемқорлық қауіпін талдау, жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық жағдайы мен жемқорлыққа қарсы саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі есептер, жемқорлыққа қарсы бағдарламалар, жемқорлыққа қарсы ағартушылық пен қоғамды ақпараттау. Жаңа заң жобасы жемқорлық құқық бұзушылықтың жіктелуіне жататын нормалар жүйесіне жаңа көзқараспен қарауын талап етеді. Қылмыс пен құқық бұзушылықты сыбайлас жемқорлыққа жатқызудың нақты өлшемдері енгізілді. Жемқорлық құқық бұзушылықтың салдарын жою шаралары ескерілді. Семинар барысында қатысушылары арасында сындарлы диалог жүргізіліп, филиал ұжымы сыбайлас жемқорлық заңнамасына енгізілетін өзгерістерді қолдай отыра, «Нұр-Отан» партиясы АҚФ Төрағасының Бірінші орынбасары А.А. Мырзалинге және М.С. Тәжібаеваға танымдық семинар өткізгендері үшін алғысын білдірді.