Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Редакция Құрылыс жобаларына «Бір терезе» принципі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу Ережесінің күшіне енуі туралы ақпарат от 2015-04-29

2015-04-28
«Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалы әлеуетті тапсырыс берушілер мен жобалаушы ұйымдарды 2015 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа ғимараттар мен имараттарды салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ережесінің күшіне енетіндігі туралы ақпараттандырады. Жоғарыда аталған ереже құрылыс жобаларына салалық және ведомстволық сараптамалардың қатысуымен «Бір терезе» принципі бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін белгілейді. Ереже Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне міндетті болып табылады.