Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ITIL v4 Foundation. IT басқарудағы үдерістік тәсіл. Процестерді ұйымдастыру» тақырыбына семинар

2019-09-30
«ITIL v4 Foundation. IT басқарудағы үдерістік тәсіл. Процестерді ұйымдастыру» тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің 2019 жылға арналған кәсіптік оқыту жоспары аясында, 2019 жылдың 25-27 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының өндірістік бөлімінің бас маманы А. М. Баймурзин «ITIL v4 Foundation. IT басқарудағы үдерістік тәсіл. Процестерді ұйымдастыру» тақырыбына семинарға қатысты. Ақпараттық жүйелер саласындағы сарапшының, консультанттың, ITSM (ITIL, COBIT) аккредитацияланған жаттықтырушысының басшылығымен өткен семинарда келесі тақырыптар қаралды: 1. IT сервистерін/қызметтерін ұсынуда жүйелендірілген тәсілдің маңыздылығын түсіну; 2. Жұмысты үдерісті ұйымдастыру қағидаттарына негізделген ұйымдық құрылымды түсіну; 3. ITIL v4 саласындағы IT басқарудың кең таралған үлгілерінің бірі ретінде білу; 4. ITIL v4 тәжірибесін пайдаланудың негізгі түсініктері мен принциптерін білу. Семинар соңында барлық қатысушыларға үлестірмелі материалдар мен сертификаттар берілді.