Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Эколог күнін және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту

2019-06-06

2019 жылғы 5 маусымда «Мемсараптама» РМК-нің конференц-залында Эколог күнін және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналыстың ашылуы «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Т.Ж. Қарағойшинның құттықтау сөзінен басталды, ол жобаларды экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптау басқармасының жұмыскерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. 2017 жылғы наурыздан бастап «Мемсараптама» РМК құрамына сарапшы экологтар кірді, олар қалаларды, аудандарды, жалпы елімізді сауықтыруға өздерінің баға жетпес үлестерін қосуда. Орталық аппаратта ғана емес, сонымен қатар филиалдардағы сарапшы экологтар күнделікті жұмыстан бөлек кәсіпорынның қоғамдық өміріне де белсенді қатысуда. Жекелеген жұмыскерлерге қоршаған ортаны сауықтыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның наградаларымен және грамоталарымен марапатталды, оларды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының басшысы М.Қ. Құмарғалиев табыстады.