Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қайырымдылық көмек

2019-06-12
Қайырымдылық көмек
Қайырымдылық көмек
Қайырымдылық көмек
Қайырымдылық көмек
Қайырымдылық көмек
Кәсіпорын жұмыскерлерінің бастамашыл тобы ұйым ұжымының, басшылығының және кәсіподағының жалпы қолдауымен Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Атбасар қаласының №2 облыстық мамандандырылған түзету мектеп-интернатының оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті. Мектеп оқушыларына сыйлық ретінде сыныптарда интерактивті сабақтарды ұйымдастыру үшін портативті бағандар және тәттіге толы пакеттер сыйға тартты. Жиналған балалар үшін арнайы шай әзірленді, ұйымдастырылған шағын концертте балалар өз өнерлерін көрсетті. Оларға бадминтонға арналған ракеткалар мен шахматқа арналған жинақтар түріндегі сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ мектеп әкімшілігі Кәсіпорыннан келген делегаттар үшін мектеп блоктары бойынша экскурсия өткізіп, оның барысында ағымдағы проблемалық мәселелер және қайырымдылық шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру үшін мүмкіндіктер талқыланды. Соңында балалар, ата-аналар, педагогтер мен мектеп басшылығы «Мемсараптама» РМК ұжымына мереке ұйымдастырып, көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. «Мемсараптама» РМК де мектеп жұмыскерлеріне адал еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, оқушыларға жазғы демалыстарының жақсы өткізуілерін тілейді!