Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылысшы күні кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс!

2018-08-08
Құрылысшы күні кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс!
Құрылысшы күні кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс!
Құрылысшы күні кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс!
Құрылысшы күні кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс!
2018 жылғы 6 тамызда Құрылысшылар күні – мерекесін мерекелеу қарсаңында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұжымының салтанатты жиналысы өтті. Жиналыс «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Ж. Ж. Ботенбаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Ол барлық қызметкерлерді келе жатқан құрылысшылар күні мерекесімен құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, Мемсараптама жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай төсбелгілерге ие болған қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Төсбелгілермен марапатталғандардың қатарында: «Мемсараптама» РМК филиалының директоры Ж.Ж. Ботенбаев, директордың орынбасары Қ.Қ.Қандығұлов, бас есепші З.Ж.Суйеуова, өндірістік бөлімнің бастығы Т.Ж. Табылдин, сарапшылар С.Р.Куздибаева, А.Ю.Турмаганбетова, Ш.Т.Тлегенов, өндірістік бөлімнің бас мамандары Е.А.Умирзаков және А.М.Баймурзин. З. Ж. Сүйеуоваға Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан көпжылдық үлесі үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Еңбек Ардагері» төс белгісі табыс етілді. Сонымен қатар, өндірістік бөлімнің жетекші маманы Г.М.Қалмағамбетова және өндірістік бөлімнің бас маманы А.М.Баймурзин «Мемсараптама» РМК алғыс хаттарымен марапатталды, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алғыс хатымен сарапшы Г.М.Айжарикова марапатталды және Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен сарапшылар Б.К.Қалменов пен А.С.Мазенова марапатталды. Филиалдың барлық ұжымы атынан Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бейбіт аспан, Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне тілектеспіз!