Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен аппарат кеңесі

2018-08-14
Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен аппарат кеңесі
Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен аппарат кеңесі
Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен аппарат кеңесі
Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен аппарат кеңесі
2018 жылғы 13 тамызда облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтің төрағалығымен 2018 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жобаларды мемлекеттік сараптау және «бір терезе» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама нәтижелері туралы аппараттық кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалардың, департаменттер мен ұйымдардың басшылары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы: 100 адам. «Мемсараптама» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры А. У. Жакупов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол: «Мемсараптама» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының 2018 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша 78 қорытынды берілді, құрылыстың жалпы мәлімделген сметалық құны 43,61 млрд. теңге. Оның ішінде: - құрылыстың сметалық құны 45,24 млрд. теңгемен ұсынылған 75 оң қорытындылар берілді; - 3 жоба бойынша теріс қорытынды берілді (мемлекеттік инвестициялар жобалары бойынша). Мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен сандық мәнде 54 бірлік ((37,78 млрд. тг.) жобалар және мемлекеттік емес инвестициялардан 24 бірлік (5,833 млрд. тг.) жобалар қатысты. Егер салыстырар болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен жобалардың саны мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен 84 бірлік (58,702 млрд. тг.) және 30 бірлік (28,051 млрд. тг.) тиісінше қатысуымен мемлекеттік емес инвестициялар. Айлар бойынша бөліп көрсетілген бұл көрсеткіштер слайдта келтірілген . Наурыз айында ең аз қорытындылар саны берілді, барлығы 6 қорытынды. Ең көп қорытындылар саны - 15 бірлік (ай). Мемлекеттік бағдарлама аясында "НҰРЛЫ ЖЕР" тұрғын үй құрылысы: - тұрғын үй құрылысы бойынша - 12 бірлік жобалау құжаттамасы қаралды, жалпы ұсынылған құны 10,467 млрд. теңге (жеке инвестициялар есебінен 4 бірлік ЖСҚ қаралды, жалпы құны 4,588 млрд. теңге); - инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша - 9 бірлік жобалау құжаттамасы қаралды, жалпы ұсынылған құны 6,1 млрд. теңге. - сумен жабдықтау және су бұру нысандары бойынша 9 бірлік құжаттамасы қаралды, жалпы құны 7,4 млрд.теңгені құрады. газбен жабдықтау объектілері бойынша 7 бірлік жобалау құжаттамасы қаралды, жалпы құны 6,1 млрд. теңге. - жылумен қамтамасыз ету объектілері бойынша - 7 бірлік жобалау құжаттамасы қаралды, жалпы құны 2,2 млрд. теңге. - электрмен жабдықтау объектілер бойынша 6 бірлік жобалау құжаттамасы қаралды, жалпы құны 2,6 млрд. теңге. Мемлекеттік сараптама қызметінің негізгі бағыттарының бірі сараптаманың сапасы болып табылады, ол тұрақты бақылауда болады. Айта кету керек, сараптамаға келетін жобалардың сапасы төмен болып отыр. Осылайша 2018 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша 3 жобалау ұйымдарының әзірлейтін құжаттамасының сапасы төмен, ұсынған 3 жобада мемлекеттік нормативтердің талаптарынан көптеген кемшіліектер, өрескел бұзушылықтар мен ауытқулар анықталды. Мемлекеттік сараптама мәліметтерді ҚР ҚжТҮШІК инвестициялары және МСҚБ жібереді, бұл ақпараттар тиісті органдарға және тексеріс жүргізу үшін беріледі. Теріс шешім беру туралы барлық шешім алқалы түрде қабылданады. Даулы мәселелер, қажет болған жағдайда, Сараптама кеңесінің қарауына және жұмыс мәжілістеріне мүдделі тараптарды тарта отырып шығарылады, (Тапсырыс беруші мен жобалау ұйымдары). Мәселен, 2018 жылғы жобаларында Мемсараптамамен қарастырылған 5 мыңнан астам кемшіліктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған, олардың негізгідері: - ұсынылған жобалық құжаттама ҚР ҰЭМ және НТҚ бұйрықтарының талаптарына сәйкес келмейді; - сметалық құжаттамасы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын бұза отырып жасалады. Сметалық құжаттамадағы жұмыстар көлемі ұсынылған жобаларға сәйкес келмейді; - инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерде кемшіліктер, жобаны әзірлеу кезінде пайдаланушы ұйымдардың техникалық шарттарының барлық міндетті пункттері орындалмайды; - нормативтік құжаттар көрсетіледі, олар жойылған немесе басқа да нормативті құжаттарға ауыстырылған; - жобалардың құрамында кейбір бөлімдері ұсынылмаған; - қабылданған жобалық шешімдердің есеп айырысулар параметрлері бойынша ұсынылмаған. Сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде қолданылатын материалдар мен жабдықтар бөлігінде ақпараттың толықтығын, салыстырмалылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жобаларда қазақстандық тауар өндірушілер шығаратын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының барынша қолданылуына, сондай-ақ энергия үнемдейтін технологиялардың қолданылуына бақылау жүзеге асырылады. Кеңес қорытындысы бойынша келесі мәселелер қабылданды: 1. Қазақстан Республикасында құрылыс жобаларына «Бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама тетігін түсіндіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет»; 2. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен (Н.Ж. Қатарбеков) бірлесіп ақауларды және жобалау нормаларынан ауытқуларды уақтылы анықтауды күшейту және заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес оларды жою жөнінде қолданыстағы шаралар қабылдау.