Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Семинар

2018-06-11
Семинар
Семинар
Семинар
2018 жылғы 8 маусым күні Қазақстан Республикасының рұқсаттық жүйесінің тәртібі мен процедурасының мемлекеттік экологиялық сараптамасы, жобаларға экологиялық сараптама жасау, сонымен қатар ЖСҚ мен ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құрамында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімдерінде өзгерістер күшіне енді. Осыған орай «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалы, экологиялық қорғау бөлімінде сараптама жүргізетін және келісім беретін, «Алматы облысының экология департаменті» ММ мен «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қызметкерлеріне арналған техникалық семинар-оқыту өткізді. Семинар онлайн-таныстырылым форматында өткізілді, шара барысында epsd.kz и ВТКСБАЖ электронды порталдарының мемлекеттік экологиялық сараптамасы, жобаларға экологиялық сараптама жасау, сонымен қатар ЖСҚ мен ТЭН-ге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құрамында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлімдеріндегі жаңа функционалдары мен модульдері таныстырылды.