Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Әлеуметтік әріптестік – жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өзара іс-қимыл құралы» тақырыбындағы семинарға қатысу

2018-03-03
«Әлеуметтік әріптестік – жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өзара іс-қимыл құралы» тақырыбындағы семинарға қатысу
2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан кәсіподақтары федерациясының конференц-залында «Әлеуметтік әріптестік – жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың өзара іс-қимыл құралы» тақырыбына өткен семинарға «Мемсараптама» РМК қызметкерлері мен кәсіподақ комитетінің өкілдері қатысты. Семинарды ұйымдастырушы – «Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ «Астана» қалалық филиалы. Семинарда қол қойылған 2018-2020 жылдарға арналған Келісімдердің (бас және салалық келісімдер) ерекшеліктері және ұжымдық шарт арқылы әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимылы қаралды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, WLP әлем жаттықтырушылары жаһандық желісінің мүшесі, адами ресурстар жөніндегі халықаралық деңгейдегі сарапшы Г.А. Наби «Мақсат қою және оған қол жеткізу» атты білім беру тренингін өткізді. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.