Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мүгедектер және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін қолжетімді орта, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың ерекшеліктері» тақырыбына семинар

2017-11-15
«Мүгедектер және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін қолжетімді орта, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың ерекшеліктері» тақырыбына семинар
2017 жылға арналған «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіби оқыту жоспары шеңберінде 2017 жылдың 08 қарашадан 11 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) өткізілген «Мүгедектер және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін қолжетімді орта, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың ерекшеліктері» семинарына «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы Б.Қ. Досмұратов қатысты. Осы семинардың мақсаты мүгедектер және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар (ХЖТШТ) үшін қолжетімді орта, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау саласында сарапшы мамандардың кәсіби дағдысын арртыру. Семинар барысында келесі тақырыптар карастырылды: - ХЖТШТ жайлы тұруын қамсыздандыратын, кешенді құрылымымен жаңа тұрғын үй кешенін жобалау; - жобалық шешімдер мысалдары; - қолданыстағы тұрғын үй объектілерін жаңарту жолдары; - қолданыстағы объектілер үлгісі және оларды реконструкциялау жолдары; - ірілендірілген көрсеткіштері бойынша реконструкциялаудың экономикалық есептеулер мысалдары; - жалпы пайдалану объектілерін реконструкциялау; - жабдық: іргелес аумақ, лифтке, лиффті холлдарға және ғимаратқа кіру; - аудиовизуалды ақпарат беру тәсілін, қызмет көрсету аймақтар, санитарлық аймақтар және т.б. әзірлеу; - заңнама талаптарына сәйкес әлеуметтік белгісі бар объектілерді паспорттау әдісі; - тексеру актісін дайындау, объекттің электронды паспортын құру; - азаматтарды әлеуметтік қорғау және еңбек органдарында мүгедектердің қолжетімділігін қамсыздандыруымен байланысты жобалық құжаттамасының бөлімдерін келісу; - жобалаудың ең таралған қателері; - ХЖТШТ үшін қолжетімді ортаны қамтамасыздандыру бойынша жобалық құжаттаманың бөлімдеріне сараптама талаптары; - қолжетімділік сұрақтары бойынша құқықтық-нормативтік және ұйымдастыру құжаттары, әртүрлі инфрақұрылым объектілеріне ХЖТШТ қолжетімділігін қамтамасыздандыру туралы заңнама, ХЖТШТ үшін қолжетімді орта жобалау сұрақтары бойынша қолданыстағы ҚНмЕ, ҚЕ, жаңа объектілерді жобалау және бар объектілерді реконструкциялау бойынша салалық және өңірлік әдістемелік құжаттар, шетелдік тәжірибе, ХЖТШТ қолжетімді ортаны қамтамасыздандыру бойынша жобалық құжаттаманың бөлімдерін келісу және сараптама талаптары, т.б. Семинар аяқталуы бойынша курс өткені туралы Б.Қ. Досмұратовқа (2017 жылғы 11 қарашадағы №1555) куәлік берілді.