Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Мемсараптама" РМК сарапшылары "Өрт қауіпсіздігі саласындағы жаңа жағдайларда ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілерін қолдану " атты семинарда оқытудан өтті.

2017-11-02

"Мемсараптама" РМК қызметін жетілдіру бойынша іс шаралар шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес, Алматы қаласында 2017 жылы 23-24 қазан аралығында "Мемсараптама" РМК сарапшылары үшін "Өрт қауіпсіздігі саласындағы жаңа жағдайларда ҚР-ның нормативтік-құқықтық актілерін қолдану " атты семинар ұйымдастырылды. Аталмыш семинардың мақсаты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандардың сарапшылардың кәсіби дағдыларын арттыру. Семинарда қарастырылған сұрақтар: - өрт қауіпсіздігі заманауи нормативтік базасы туралы; - өрт қауіпсіздігі талаптары туралы техникалық регламент; - жобалық құжаттаманың тараулары құрамы және оларды іске асыруда қойылатын талаптар; жобалау-сметалық құжаттама құрамы, техникалық талаптарды әзірлеу, оларға келісім алу тәртібі; - қорғау объектісінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік шарттары; - ғимараттар мен құрылыстардың жобалау, құрылыс және қайта пайдалану кезеңдерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нормативтік талаптардың түбегейлі өзгеруі; - өрт қауіпсіздігі саласындағы ауытқулармен жұмыс істеу тәртібі; - күрделі құрылыс нысандарына арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін арнайы техникалық шарттар (АТШ); - ғимараттардың конструктивті-жоспарлау шешімдеріне өрт қауіпсіздігі талаптары; - әрлеу және қаптау материалдарының өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да көптеген мәселелер. Дәрістер оқыды: Серік Айжаркинович Ашмуханов «Агентство оценки рисков пожарной безопасности» ЖШС директоры; Болат Сапабекович Тулегенов–«Агентство оценки рисков пожарной безопасности» ЖШС сарапшысы; Ерлан Қуанышпайұлы Кокушев–"Global fire protection" ЖШС-ң жобалар жетекшісі. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. "Мемсараптама" РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалынан семинарға сарапшылар С. Н. Конопля, Н.П. Леонтьева, Л. В. Вознюк, Л. И Сапрыгина, Л. М Пирожникова қатысты.