Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бір адам – бір тал»

2017-11-06
«Бір адам – бір тал»
«Бір адам – бір тал»
«Бір адам – бір тал»
Мемлекет Басшысының Болашаққа бағдар «Рухани жаңғырту» жобасы аясында 2017 жылдың 28 қазанында «Мемсараптама»" РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалында «Бір адам – бір тал» акциясы өткізілді. Жобаның мақсаты – қызметкерлердің, өскелең ұрпақтың Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін нығайту, махаббатын ояту, өз аймағында жасыл желекті құру. Осы акция аясында Ақтау қаласында 21 түп тал отырғызылды. Бұдан біз мемлекет Басшысының: «Егер біздің азаматтар өз ауылдарының, өз үйлерінің айналасында, барлық облыстық, қалалық, орталықтарда жыл сайын ағаштар отырғызатын болса біз жасыл ел құрамыз. Бұл үлкен іс, үлкен мақтанышпен әрқашан айтуға болады, орман, тоғайлардың қалай гүлденгенін барып көруге де болады. Барлық қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызуды ұмытпауға шақырамыз» - тапсырмасын орындауды және ізгі ниетін көреміз.