Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жаңа жағдайларда қолдану» тақырыбына семинар

2017-11-02
«Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жаңа жағдайларда қолдану» тақырыбына семинар
«Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жаңа жағдайларда қолдану» тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіптік оқыту Жоспары шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес 2017 жылғы 26 қазаннан 27 қазанында Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК сарапшылары үшін «Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жаңа жағдайларда қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Осы семинардың мақсаты өрт қауіпсіздігі саласында сарапшы мамандардың кәсіби дағдыларын көтеру болып табылады. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: - өрт қауіпсіздігінің қазіргі нормативтік базасы; - өрт қауіпсіздігінің талаптары туралы техникалық регламент; - жобалау құжаттамасының бөлімдерінің құрамы және олардың іске асыруда қойылатын талаптар; - жобалау-сметалық құжаттама құрамы, техникалық шарттарды әзірлеу, оларды келісу тәртібі; - нысанды қорғау өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігінің шарттары; - жобалау, құрылыс және пайдалану кезеңдерінде ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын нормативті талаптардың қағидаттық өзгерістері; - өрт қауіпсіздігі саласындағы шегінулермен жұмыс тәртібі; - күрделі құрылыс объектілеріне жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін арнайы техникалық шарттар (АТШ); - ғимараттың конструктивті- жоспарлы шешімдеріне өрт қауіпсіздігінің талаптары; - өңделген және қапталған материалдардың өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы көптеген басқа да сұрақтар. Дәріс оқығандар: Ашмуханов Серик Айжаркинович – «Агентство оценки рисков пожарной безопасности» ЖШС директоры; Тулегенов Болат Сапабекович – «Агентство оценки рисков пожарной безопасности» ЖШС сарапшысы; Кокушев Олжас Куанышпаевич – «Global fire protection» ЖШС жобалар басшысы. Семинар аяғында қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинарға «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалынан сарапшы Б.К. Калменов қатысты (2017 жылғы 27 қазандағы №ПБ/17-000049 куәлігі).