Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрметті де қадірменді әйелдер қауымы!

2017-03-07
Құрметті де қадірменді әйелдер қауымы!
Сіздерді шын жүректен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бұл көптен күткен көктем - сұлулық пен әсемдік мерекесі. Сіздер тек қызметтегі кәсіби міндеттерді ғана емес, күнделікті тұрмыстағы мәселелерді де қоса алып жүрген мықты жандарсыздар. Сіздер тек отбасының ғана түтінін тұтатып, балаларды асырап қана қоймай, әртүрлі саладағы кәсіби қызметтерді де жетік атқарып, туған елдің дамып, көркеюіне, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, әр үйдің берекесін кіргізіп отырсыздар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Сіздер сұлулықтың, әсемдіктің, мейірімділіктің символы болып қала бересіздер. Сіздердің қамқорлықтарыңыздың арқасында отбасы, балалар, жанұя деген құндылықтар мәңгіге сақталуда. Сіздерге өмірлеріңіз сәтті күндерге толы болуын тілейміз. Сіздерді тек жақын, қымбат адамдарыңыз қолдап, қоршап жүрсін! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, көктемнің шапағатын, әйел бақытын тілейміз.