Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен!

2016-12-16
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен!
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен!
2016 жылғы 16 желтоқсанда филиалдың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Филиал директоры С.О. Лекеров бүкіл ұжымды еліміздің тәуелсіздігімен құттықтады! Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа апарар жол» халыққа жолдауында айтылғандай біздің еліміздің ең құндылықтарының бірі , ол егемендігіміз, ұлттық бірлігіміз, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісім. Бұл мереке – көп ұлтты Қазақстанның ұлы мерекесі. Бүгін біз егемендігіміздің жиырма бес жылдық мерейтойын тойлап отырмыз. Халықтар бірлігінің арқасында біз көптеген қиыншылықтарға төтеп бердік. Аз уақыттың ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренада тұрақты мемлекет пайда болды. Бүгінде біздің мемлекетіміз еліміздің тұңғыш Президентінің, ұлт лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында экономикасын, әлеуметтік ортасын дамытуда, демократиялық жаңашылдықтарды жүргізуде. Егемендік жолында болған жақсы өзгерістер арқасында, мемлекет басшысының глобалды инициативасының арқасында Қазақстан кеңінен тараған халықаралық атаққа ие. Біздің елді барлық әлем таниды, біледі. Қазақстанның әрбір азаматы болашаққа нық қарайды және Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қңында, мемлекеттің қалыптасуына және Қазақстан Республикасы егемендігінің нығаюына, мемлекеттің құрылыс саласын дамытуға қосқан үлестері үшін филиалдың кейбір қызметкерлері құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалдарімен марапатталды. Мерейтойлық медалмен өндірісітік бөлімінің бастығы М.Б. Курмангалиев., сарапшылар З.А. Омарова., Н.Е: Зинковская., әкімшілік бөлімінің бастығы А.К. Акинов., жиынтық бөлімі бастығының орынбасары Г.Б. Садыханова марапатталды. Қазақстан Құрылысшылар ассоциациясының құрмет грамотасымен сарапшы Г.Е. Журтубаева., бағалар мониторингі бойынша бас маман О.А. Гоголь марапатталды. Сонымен бірге, «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсподағы» ББ алғыс хаттарымен жиынтық бөлімінің бастығы А.Г. Хусаинов және сарапшы Г.К. Исаева марапатталды. Барлық филиал ұжымының атынан мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, отбасыларыңызға табыс тілеймін! Егеменді еліміз көркейе берсін!