Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен!

2016-12-01
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен!
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен!
1 желтоқсанда филиалдың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Филиал директоры С.О. Лекеров тура осы күні ең алғашқы президент сайланғанын, Қазақстан Республикасының президенттік институты орнатылғанын атап өтті. Бұл мереке Қазақстан халқынын көптен бері армандаған, көп ұлтты мерекесі. Жиналыста Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы бейнебаян көрсетілді. Мемлекетімізде президент институты деген ұғым- конституциялық тұғырдың негізгі тұрақтылық кепілдемесі және қазақ мемлекетінің одан әрі дамуына бірден бір ықпалын тигізеді.Тұңғыш президент күні – тарихи сайлаудың бірлігі күні және Қазақстанның келісімі мен халықтық бірлік күні. Бүгінде Қазақстан ұлтаралық келісімді орнатқан, қоғамдық өмірде барлық бағыттағы өзгерістерге қол жеткізген, үнемі дамып отыратын экономикасы, ғылымы мен мәдениеті бар, өз алдына бір үлкен мемлекет. Барлық ұжымның атынан мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы гүлденіп, көркейе берсін! Бастамаларымыз жемісті болып, болашағымыз жарқын болсын!