Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР Тәуелсіздік күніне орай А.А.Горшковты алғыс хатпен марапаттау

2016-12-20
ҚР Тәуелсіздік күніне орай А.А.Горшковты алғыс хатпен марапаттау
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – еліміздің бас ұлттық мейрамы, мықты да қарқынды дамушы және зайырлы елдің нышаны. Бүгін де қазақ ұлтының ең асыл байлығы болып табылатын Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Бұл тарихи мерзімде жаңа экономикалық жүйенің іргесі қаланып, қазақ елінің өмір сүру деңгейі мен сапасы өзгерді. Халықаралық қауымдастықта Қазақстанды өңірлік лидер ретінде таниды деп нақ айтуға болады. 2016 жылдың 14 желтоқсанында Орал қаласының Достық Үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара аталып өтті. Батыс Қазақстан облысының әкім орынбасарымен облысымыздың құрылыс саласында үлес қосып жүрген қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар үлестірілді. Александр Алеексеевич Горшков құрылыс саласындағы аянбас еңбегі мен аумағымыздың құрылыс саласының оңтайлы қалыптасуын қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін салтанатты түрде алғыс хатпен марапатталды. Салтанатты шеруден кейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.