Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар

2016-12-08
«Мемсараптама» РМК-нің 2016 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-нің мәжіліс-залында «Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының және филиалдарының кадр жұмысы жөніндегі мамандары. Семинарды «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Т.Ж. Қарағойшин ашты, ол «Мемсараптама» РМК-нің кадр саясатының негізгі бағыттарын түсіндірді. Семинарда мынадай мәселелер қаралды: 1. Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі (23.11.2015 ж. № 414-V ҚРЗ), халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде заңнамаға өзгерістер (06.04.2016 ж. № 483- V ҚРЗ) негізгі өзгерістерге және қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелерге коментарий. 2. Еңбек шарты (ЕШ): мазмұны, жасасудың жаңа қағидалары, сынақ мерзімі. Ұғымы, мазмұны мен мәні, өзге шарттардан айырмашылығы. ЕШ бойынша еңбек функциясы (лауазымы, мамандығы, кәсібі). Тараптар, ЕШ жасасу мерзімі және тәртібі. ЕШ-тің жаңа шарттары: бәсекелессіздігі туралы, сынақ мерзімі туралы. Басқа жұмысқа ауысудың жаңа мүмкіншіліктері. Жұмыскерді өзге заңды тұлғаға іссапарға жіберу. Жұмыскердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша ЕШ-ты бұзу. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын бұзу. 3. ЕШ тараптарының материалдық жауапкершілігі. Тараптың біріне келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылық. Материалдық жауаптылық туындаудың ұғымы және шарттары. Материалдық залалды өтеу тәртібі және мөлшері. Жұмыскерге жарақат алғаны немесе денсаулығына келтірілген өзге зиянды өтеу. Жұмыскерлердің толық материалдық жауапкершілігі. Жұмыскердің материалдық жауапкершілік шектері. 4. Жұмыскерлердің бөлек санаттарының еңбегін құқықтық реттеу: тәжірибелік мәселелер. 5. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Жұмыс уақыты ұғымы, түрі, есепке алу және режимі. Жұмыскерлердің жеке санаты үшін қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс. Жұмыс уақытының жинақталған есебі. Үстеме жұмыс. Жұмыскердің келісімісіз үстеме жұмысқа жол берілетін ерекше жағдайлар. Түнгі уақыттағы жұмыс. Демалыс уақыты ұғымы және түрлері. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс. Демалыс түрлері және олардың ұзақтығы. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу. Әлеуметтік демалыстар. 6. Жалақы және өтемақы төлемдері. Жалақы ұғымы. Жалақы төлеу қағидаттары. Жалақыны нормалау. Сағат бойынша жалақы төлеу. БТБА. Ақы төлеудің келісімді нысаны (оның жүйесі). Сыйлық ақы төлеу. Үстеме жұмыс, түнгі уақыт және мереке (демалыс) күндері үшін ақы төлеу. Өтемақы төлемдері. 7. Еңбек тәртібі: құқықтық мәселелер. Ішкі еңбек тәртібі. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі. Тәртіптік жазалар. Тәртіптік жазаларды қолдану және шағым жасау тәртібі. Тәртіптік жазаларды тартқызу мерзімдері. Жұмыскерлердің тәртіптік жауапкершіліктері. 8. Еңбек даулары. Ұғымдар, тараптар, туындау себептері, алдын алу әдістері, жұмыскердің тәуекелдері. Жеке және ұжымдық еңбек даулары. Жеке еңбек дауларды реттеудің міндетті сот алдындағы тәртібі. Еңбек дауларды сот тәртібінде қарау: дайындау және жүргізу. Ерекше тәртіпте еңбек дауларын қарау – лауазымдарға жоғарғы мемлекеттік билік және республиканы басқару органдары сайлайтын, бекітетін немесе тағайындайтын басшы жұмыскерлердің даулары. Ұжымдық дауларды шешу. 9. Кәсіпорындағы келісу комиссиясы: құру, жұмыс тәртібі, мүшелерінің сандық құрамы және мерзімі; жергілікті нормативтік актілер; құжат айналымы. Кәсіпорында келісу комиссиясы болмауының салдары. Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау. Семинар дәріс оқушылары: Еңлік Нұрғалиқызы Нұрғалиева – заң ғылымының докторы, профессор, заң жобаларын мемлекеттік-құқықтық зерттеу, әзірлеу ҒЗИ директоры; Бағлан Ордабекұлы Жалпошов – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ЕӘҚКҚК-і Бас мемлекеттік еңбек инспекторы -Еңбек заңнамасын бақылау басқармасының басшысы; Бибігүл Шақырбайқызы Нұрашева – PhD докторы, сот алдындағы және сот рәсімдері щеңберінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ HR мамандарына кеңес беру, кәсіподақ лидерлерін оқыту және еңбек құқығы жөніндегі заңнама сараптамасында тәжірибесі мол сарапшы-практик. Семинар өткізу тәжірибесі нәтижесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді, онда филиалдардың кадр жұмысы қызметінде туындайтын негізгі және өзге мәселелер талқыланды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.