Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбындағы семинар

2016-04-19
«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК бұйрығына сәйкес, қызметкерлердің біліктілігін үнемі жоғарылату шараларын орындау шеңберінде, 2016 жылғы 14-15 сәуір аралығында «Мемсараптама» РМК Алматы қ. филиалының базасында «Мемсараптама» РМК аймақтық бөлімшелерінің сарапшылары үшін «Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбында семинар өткізілді. Оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпі жоғары аудандарында жұмыстар жүргізу үшін «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату; Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпі жоғары аудандарында жұмыстар жүргізу үшін рұқсат алу. Семинарды өткізу барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1) жер сілкінісінің болу себептері мен табиғаты, мүмкін болатын жер сілкіністерінен күтілетін залал, жер сілкінісі салдарының әлеуметтік-экономикалық аспектілері; 2) құрылыс нормалары мен ережелердің, нормативтік құқықтық актілердің басты ережелері; 3) сейсмикалық аймақтағы құрылыс: қолданыстағы құрылыстағы ғимараттардың сейсмикалық қауіпсіздігі, сейсмикалық оқшаулау және белсенді сейсмикалық қорғаныс жүйелері, ғимараттар мен құрылыстарды сейсимкалық күшейту кезіндегі басты тәсілдер және басқа да мәселелер; 4) Семинар аяқталған соң семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.