Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде баяндама

2016-04-25
2015 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде баяндама
2015 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде баяндама
2015 жылдың РМК "Мемсараптама" Ақтөбе облысы бойынша филиалдың негізгі қызметі жөнінде баяндама
Осыдан бұрын Ел басының Ақтөбе қаласын елдің алғашқы урбанистік орталығы болатын қалалар қатарына қосқандығы мәлім. Ол басқа қалалармен бірге Ақтөбенің агломерация дамуының орталығы болатындығын белгіледі. Ақтөбе облысының сәулет және құрылыс саласын дамыту жұмыстары жүргізіліп отырған Ақтөбе агломерацияның 2020 жылға дейін дамуынын жоспары бар. Жобаларды мемлекеттік сараптау аталмыш бағыттын жүзеге асырылуына өз үлесін қосуда, нақтыласақ сапалы сараптама қортындыларын беруде. «Мемсараптама» РМК басшылығының тапсырмасын орындау үшін және Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - филиал) жергілікті орындаушы органдарымен өзара әрекеттесу аясында, филиал 2016 жылғы 22 сәуірде Ақтөбе облыстық әкімдікте өткізілген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу сапасын көтеру және мемлекеттік қаражатты үнемдеу мәселелерін талқылау және оларды шешу жөнінде кеңес ұйымдастырды. Кеңес Ақтөбе облыс әкімнің орынбасары Ж.М. Бексары төрағалығымен өтіп, келесілер қатысты: облыстық және қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызметтердің, Ақтөбе қаласының салалық сараптамалар мен жобалау ұйымдарының басшылары, сонымен қатар кеңеске онлайн режиммен қосылған сәулет, құрылыс және қала құрылысы қаласындағы аудандық әкімдіктің басшылары және олардың орынбасарлары. Алғашқы сөзімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексары күн тәртібінің мәселелерін айқындап, 2015 жылдың филиалдың негізгі қызметі жөнінде баяндамасымен шыққан «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директоры Ж.Ж. Бөтенбаевқа сөз берді. Кеңес қатысушылары пайыздық арасалмақта берілген келесі сәттер көрсетілген сөйлеуші бандамасымен көрнекі түрде таныса алды, олар: негізгі өндірістік көрсеткіштер, мәлімденген бағаның жалпы төмендеуі, мәлімденген бағаның ең төменделген жобалар, негізгі тапсырушылар бойынша бағаның төмендеуі және т.б. Кеңестің негізгі уақыты жиі табылатын бұзушылықтар мен жобаларды қайта пысықтауға жіберілген мекемелерге бөлінді. Жобалау мекемелері жөнінде ақпарат филиал директорының баяндамасы арқылы беріліп, республикалық және салалық бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу бойынша қарастырылған жобалар саны, қазақстандық қамыту үлесінің динамикасы, «бір терезе» қағидасы бойынша ЖКВС ендіруде алынған нәтижелер, жобаларды сараптау мерзімі және 2016 жылдың мақсаттары жөнінде мәлімет берумен жалғастырылды. Кеңес нәтижелері бойынша облыс әкімі орынбасары Ж.М. Бексары қонструктивті және пайдалы есеп-талдау үшін алғыс білдіріп, тапсырысшылармен жобалау мекемелеріне жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу кезінде кеңесте сөз етілген ақаулықтармен бұзушылықтарды ескеруге және МСҚБ басқармасына жобалау сапасы мәселелері бойынша «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалымен өзара ара қатынасу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.