Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Жобалау сапасын арттыру және жобалау ұйымдары мен Мемлекеттік органдардың арасындағы өзара іс-қимылдар бойынша мәселелерді талқылау» тақырыбына арналған семинар

2016-04-18

2016 жылғы 11 наурыздағы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Сауранбаевтың төрағалығымен өткен «Алматы қаласы бойынша жобалау ұйымдарының қызметі мәселесі бойынша» кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы Сізді «Жобалау сапасын арттыру және жобалау ұйымдары мен Мемлекеттік органдардың арасындағы өзара іс-қимылдар бойынша мәселелерді талқылау» тақырыбына арналған «Дөңгелек үстел» тәртібінде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері, «Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, тапсырыс берушілер (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері), қаланың жобалау ұйымдары қатысты. Кеңесті «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров ашты. Кеңес конструктивтік сындарлы диалог түрінде өтті, бірнеше мәселелер қатары талқыланды, солардың ішінде негізгілері: жобалау құжаттамасының сапасын арттыру, жобалау-сметалық құжаттамасының жиынтығы мен құрамы бойынша негізгі ескертулер, құрылыс жобаларын қазақстандық қамтуды барынша ұлғайтумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, құрылыс нысандары мен аумақты қалақұрылыстық жоспарлауды жауапкершілік деңгейлеріне жатқызу, сонымен бірге, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге лицензиялар санаты бойынша бойынша күрделі мәселелер қозғалды. Қатысып отырғандардың сұрақтарына «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы атынан: филиал директорының орынбасары Д.Ш. Балтагулов, өндірістік бөлімнің бастығы М.Б. Курмангалиев, өндірістік бөлім бастығының орынбасары Л.Б. Манапбаева, жинақтау бөлімі бастығының орынбасары А.Г. Хусаинов, бағалар мониторингі бойынша бас маман Н.Я. Алибекова, «Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ атынан жетекші орынбасарының м.а. А.М. Батырханов жауап берді. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы сараптамалық қызметті жетілдіру аясында жобалау-құрылыс кешенінің қатысушыларының өзара қимыл үдерісін жақсарту, өзекті мәселелерді талқылау және келешегі бар міндеттерді анықтауды өз мақсаты етіп қояды. Мұндай кеңестерді тұрақты түрде ұйымдастырып тұру жоспарланады.