Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жиналыс

2016-04-15
«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жиналыс
«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жиналыс
2016 жылғы 29 қаңтардағы «Мемсараптама» РМК-нің республикалық жиналысы хаттамасының 3 тармағын орындау мақсатында, 2016 жылдың 15 сәуірі күні «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалында, филиалдың 2015 жылғы қызметінің қорытындысы және жобалау-сметалық құжаттамасын дайындаудың сапасын арттыру бойынша, аумақтық БАҚ және телевидение өкілдерінің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ өкілдері, тапсырысшылар және жобалаушылар арасында жиналыс өткізілді. «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, ҚР құрылыс істері жөніндегі Комитетінің бұйрықтары мен қаулыларын, «Мемсараптама» РМК-нің бас мекемесінің бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің мақсаты – қарастыруға ұсынылған жобалау құжаттамасы бөлімдерінің, қолданыстағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге, мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау болып табылады. Жиналыс барысында «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының директоры Бауыржан Болат-ұлы Сейтқали жиналыстың бағдарламасын және филиалдың қызметі туралы айтты. Директордың орынбасары А.А.Горшков 2016 жылдың 01 қаңтарына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы шеңберінде ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалар туралы ақпарат ұсынды. Өткен 2015 жылы мекемеден жалпы белгіленген құны ағымдағы бағамен есептегенде 187.155 млр. теңгені құрайтын 460 жоба қарастырылғанын атап айтты. Қарастыру нәтижесі бойынша жалпы белгіленген құны ағымдағы бағамен есептегенде 179.109 млрд. теңгені құрайтын 439 жоба бекітуге ұсынылған, ал белгіленген құны ағымдағы бағамен есептегенде 0.801млрд. теңгені құрайтын 21 жоба кері қайтарылды. Қайтарлыған 21 жобаның 4-і мемлекеттік инвестициядан 405,614 млн. теңгені құрайды. Қарастырылған жобалау-сметалық құжаттамасының жалпы көлемі 41.30 % құрайтын мемлекеттік емес күрделі салымдар және 58.70 % құрайтын мемлекеттік күрделі салымдар. Өндірістік бөлімнің басшысы Кобин В.В. орындау сапасы төмен және нормативтік талаптардан ауытқыған жобаларды атады. Жобалау мекемелерінің жиі жіберетін қателіктері – құрылыстың құнын анықтау және инженерлік қамтамасыз ету бөлімі бойынша қателіктер. 2015 жылдың 12 айы бойынша қарастырылған жобалардағы жобалау мекемесі тарапынан анықталған қателіктер мен жіберілген бұзушылықтар – 3389 құрайды. Қарастырылатын жобалардағы Қазақстандық мазмұндағы отандық тауарлар, бұйымдар мен құрылымдардың бөлігін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Жиналыстың негізгі мақсаты ЖСҚ-ны сараптамадан өткізу сапасын жақсарту үшін, «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалы мен Тапсырысшылар арасындағы өзара әрекеттестікті қалыптастыру болып табылады.