Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрметті демалысқа шығарып салу

2016-04-08
Құрметті демалысқа шығарып салу
2016 жылдың 08 сәуірінде «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалының ұжымы өндірістік бөлімнің сарапшысы В.А. Плужниковті құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды. Владимир Алексеевич Плужников ерен еңбек жолын өткерді. Челябинск политехникалық институтын өндірістік және азаматтық құрылыс саласының инженер-құрылысшысы мамандығын тәмамдағаннан кейін, 554123 Әскери бөлімінің өндірістік-техникалық бөлімінде бас инженер қызметін атқарып, 554123 Әскери бөлімінің өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 1964 жылы «Каззапгипрасельхозводстрой» Орал қалалық филиалында инженер-жобалаушы қызметіне орналасты. 1965 жылы «Казгорпроект» АПМ №5 ГГПИ-де, кейіннен атауы «Уральскгорсельпроект» ГПИ, «ҒЗЖИ «Газжобалау» ААҚ болып өзгерген мекемеде бас инженер қызметінен, жобаның бас конструкторы, сәулет-жобалау шеберханасының бас конструкторы, шеберхана басшысы орынбасарының бас конструкторы қызметіне дейін көтерілді. 2005 жылы «Батысмемсараптама» ЕМК-ның бас маманы қызметіне орналасып, бас сарапшы, өндірістік бөлімнің бас ммаманы қызметтерін атқарды. Өзінің еңбексүйгіштігі мен кәсіпқойлығының, кішіпейілдігі мен адамдарға және жұмысына деген зейінділігінің арқасында, әріптестері мен айналасындағылардың лайықты құрметі мен жоғары сеніміне ие бола білді. Еңбек қызметі кезінде Владимир Алексеевич алдына қойылған жұмысты абырой мен қадір-қасиетпен орындап, жас қызметкерлерге үлгі болды. Үлкен жетістігі мен ұзақ жылдар бойы атқарған жұмысы үшін, «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағын иемденіп, 1973 және 1979 жылдары «Әлеуметтік жарыс жеңімпазы» төсбелгісімен, 2012 жылы «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, 2015 жылы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Комитетінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сізге және сіздің отбасыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, отбасылық береке, ұзақ өмір тілейміз!