Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Бүгінгі таңда кәсіподақ рөлі: жаңа жағдайлардағы жұмыс ерекшеліктері

2016-01-25
Бүгінгі таңда кәсіподақ рөлі: жаңа жағдайлардағы  жұмыс ерекшеліктері
2016 жылғы 21-22 қаңтар аралығында филиалдың әкімшілік-басқару ұжымының бас маманы (заңгер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі) Ганноченко Олеся Васильевна және филиалдың әкімшілік-басқару ұжымының жетекші маманы (қызметкерлер жөніндегі) Қыдыралина Айнагүл Қалыбайқызы «Құрылыс кешені және ТҮШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестік пен «ҚРКФ оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы» ЖМ Астана қаласында «Бүгінгі таңда кәсіподақ рөлі: жаңа жағдайларда жұмыс ерекшеліктері» тақырыбына ұйымдастырып өткізген семинар-тренингке қатысты. Форумды «Құрылыс кешені және ТҮШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы К.Ш. Есенгазин, ҚР Кәсіподақ Федерациясы төрағасының орынбасарлары П.О.Казанцев, Г.А. Жұмагелдиева, дәріскерлер: з.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры – Е.Н. Нургалиева, ҚР КФ еңбекті қорғау жөніндегі бас қоғамдық инспекторы – А.К. Пересунько. Семинар-тренингте бүгінгі жағдайдағы кәсіподақтың құрылымы мен міндеттері жөніндегі мәселелер, кәсіподақ көшбасына қандай ережелер мен міндеттемелер берілген, 2016 жылдың 01 қаңтардан бастап ҚР Еңбек кодексіне ендірілген өзекті өзгерістер талқыланды. Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға куәліктер берілді. Семинар ұйымдастырушыларына кәсіподақ мекемелерімен тәжірибе алмасуға және ҚР Еңбек заңнамасына енген жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік бергендеріне алғысымыз шексіз.