Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шара жоспарын бекіту туралы» №234 ҚР Үкіметінің қаулысын талқылау

2015-10-26

2015 жылғы 23 қазанда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – филиал) ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің кеңес беруші А.С. Коңырбаевтың қатысуымен 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шара жоспарын бекіту туралы» №234 ҚР Үкіметінің қаулысын талқылау жөнінде дәріс-әңгіме өткізді. А.С. Қоңырбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің орнына ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің құрылуы жөнінде сөз етіп, Агенттіктің жұмысын баяндады. Сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» талқыға салынды. А.С. Қоңырбаев: «Стратегия сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады». Жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы, оның ішінде мемлекеттік органдардың сенім телефондары мен веб-сайттары арқылы кедергісіз ақпарат алуы үшін жағдайлар жасады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс білінген жағдайда Ақтөбе қаласының азаматтарына құқық қорғау органдарына тез арада хабарласып, 71-83-36 (сенім телефоны) және 1494 (call-центр) қоңырау шалуға болады. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту – Стратегияның басты міндеттері болып табылады. Стратегияны іске асырудың нәтижесінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, қоғамның мемлекет институттарына сенімділігі, азаматтардың құқық сауаттылық деңгейі мен жемқорлыққа қарсы мәдениеті арттырылуы және елдің халықаралық рейтингтерін жетілдірілуі тиіс. Осы бағыттар аясында «жемқорлық» ұғымын қайта қарап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арасын ажырататын, мемлекет қызметіне азаматтық бақылау жүйесін құрып ендіретін, азаматтардың жария ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы» жаңа заңдары әзірленіп қабылданады. Дәріс соңында «Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбына бейнеролик көрсетіліп, филиал қызметкерлері қызықтырылған сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мен оның өкілі А.С. Қоңырбаевқа филиал қызметкерлерімен жүргізген мазмұнды сұхбат өткізгені үшін алғысымыз шексіз.