Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сорокин Павел Константинович

2015-10-16
Сорокин Павел Константинович
2015 жылдың 16 қазан күні адамгершілігі мол тұлға, Алматы облысы жобалау-құрылыс саласының және «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының ардагері Сорокин Павел Константинович өмірден озды. Павел Константинович 1935 жылғы 30 қаңтарда Алматы облысы бұрынғы Гвардейск ауданының Қоғалы ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Алматы электрика байланыс техникумын «Аудан ішілік байланыс және радиофикация» мамандығы бойынша тамамдаған, біліктілігі «сымды байланыстың техник-электригі». Сорокин Павел Константиновичтің өмірі үлгі-өнеге аларлықтай. Еңбек жолын Павел Константинович 1959 жылғы 20 қарашада қала конторасында аға техник ретінде бастайды. 1960 жылғы 30 қарашадан 1962 жылғы 21 наурызға дейін Сарканд РКС бастықтың орынбасары болып жұмыс жасайды. 1962 жылғы 2 сәуірден 1962 жылғы 1 қазанға дейін – Талдықорған байланыс ЛТУ-де инженер. 1962 жылғы 1 қазаннан 1964 жылғы 2 маусымға дейін – ВРС аға технигі. 1964 жылғы 13 маусымнан 1966 жылғы 30 шілдеге дейін – «Облыстық ауыл шаруашылығы жобасы» филиалында құрылыс бөлімінің техник-электршісі. 1966 жылғы 20 шілдеден 1969 жылғы 1 сәуірге дейін – сантехника бөлімінің топ инженері. 1969 жылғы 1 сәуірден – 1992 жылғы 15 қаңтарға дейін - «Казмежколхозпроект» филиалында (кейінірек - «Талды-Курганагропромпроект» мемлекеттік-кооперативтік жобалау-ізденіс институты) № 1 бөлімінің топ жетекшісі, электршілер тобының жетекшісі, жетекші инженер болып еңбек еткен. 1992 жылғы 20 қаңтардан 1993 жылғы 1 ақпанға дейін - ТОО «ЮХБЛ Лтд Ко» ЖШС-де жетекші инженер. 1993 жылғы 1 ақпаннан 1994 жылғы 15 қаңтарға дейін - «Кок-Су» АКППСФ-де жетекші инженер. Жобаларды ведомстводан тыс мемлекеттік сараптау жүйесінде Сорокин П.К. 2003 жылғы 19 наурыз айынан бастап мемлекеттік сарапшы ретінде жұмыс жасай бастаған. Павел Константинович ұжыммен үнемі байланыста болып, ақыл-кеңестерін аяған емес, «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының жеңістері мен жетістіктеріне әрқашан тілектес еді, қоғамдық өмірге белсенді араласып, «Мемсараптама» РМК ардагерлер кеңесінің мүшесі еді. Алматы облысы бойынша филиалы Кан Валентин Николаевичтің қаза болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.