Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша біліктілігін арттыру курсы

2014-05-05
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша біліктілігін арттыру курсы
Филиалдың қызметкері мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жетекші маман Б.А. Сиражиденова Астана қаласында ағымдағы жылдың 28- 30 сәуір аралығында «Unity Group» ЖШС-ның «Аударма техникасы. Нормативтік құжаттарды мемлекеттік тілде жазу әдістері» тақырыбына өткізген тренинг – оқытуына қатысты. Мақсаты: ресми құжаттарды мемлекеттік тілден орыс тіліне және керісінше орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару техникасына үйрету. Тренинг-оқудың бағдарламасы: 1. Қазақ тілі мен орыс тілінің грамматикаларын араластыруда туындайтын мәселелер. 2. Аударма техникасы. Қазақ және орыс сөйлемдерінің құрылымдары. 3. Орыс тіліндегі сөйлемдердің талдау сызбасы және қазақ тіліндегі сөйлемдердің жасалуы. 4. Қазақ тіліндегі сөйлемдердің талдау сызбасы және орыс тіліндегі сөйлемдердің жасалуы. 5. Әр түрлі құжаттар. Оларды толтыру стандарттары. 6. Әр түрлі құжаттарды орыс тіліне іс жүзінде аудару.