Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тілге құрмет - елге құрмет» атты фестиваль

2013-09-13
«Тілге құрмет - елге құрмет» атты фестиваль
2013 жылғы 20 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Қазақстан халқының Тілдер күні меркесіне орай «Тілге құрмет - елге құрмет» атты фестиваль өткізілді. «Мемсараптама» РМК барлық аймақтық бөлімшелері қатысқан бұл шараны 2012 жылы өткізілген фестиваль жеңімпаздары - «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Фестиваль бағдарламасы - конкурстық болып 3 кезеңнен құралды, олар: «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында өлең оқу, Қазақстан Республикасына тұратын ұлт өкілдерінің әні мен биін орындау және халықтар достығы вальсін билеу. Фестивальдың жеңімпазы болып «Мемсараптама» РМК Атырау облысы бойынша филиалы танылды. Ереже бойынша 2014 жылы фестиваль Атырау қаласында өткізілмек. Жеңімпаздарға Талдықорған қаласы әкімдігі, «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушылар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды.