Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Аталған бағдарламаны «НАТ Казахстан» АҚ әзірледі.

2013-07-29
Аталған бағдарламаны «НАТ Казахстан» АҚ әзірледі.
Аталған бағдарламаны «НАТ Казахстан» АҚ әзірледі.
Алғашқы сөз кезегін алған «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры Н. Шымбаев талаптарға сәйкес «Мемсараптама» РМК жүйесінде де заманауи технологиялар мен жаңа жүйелер енгізіліп жатқандығын айтып өтті. 2013 жылғы 24-25 шілде аралығында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жобаларды мемлекеттік сараптамадан өткізудегі электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жаңа платформасы бойынша білім алды. Оқыту курстарында жүйенің жаңа мүмкіндіктері, сонымен қатар, жобалау-сметалық құжаттамаларды электронды түрде қабылдау жүйесімен біріктіру ұсынылды. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімінің сараптамалық құжат айналымы секторының бас маманы М. Мұсанов мемлекеттік сараптамаға жобалау құжаттамасы және/немесе инженерлік ізденіс нәтижелері, сонымен қатар, күрделі жөндеу объектісінің сметалық баға нақтылығын тексеру сметалық құжаттамасы ұсынылғанда мәлімдеушімен интерактивті әрекеттестікті ұйымдастыруға арналған «Мемсараптама» РМК электронды қызмет көрсету порталында бұл процессті көрсетті. Техникалық оқыту барысында жобалау-сметалық құжатамаларды электронды қабылдау бойынша бейнебаянның тұсаукесері көрсетілді. Жобалау-сметалық құжаттамалар электронды тапсыру қызметінің көмегімен жобалау ұйымдары және тапсырыс берушілер сараптамаға құжаттарды жібере алады. Бұл қызмет түрімен пайдалану үшін электронды сандың қолтаңбаға ие болу керек. Сондай-ақ, Алматы облысының жобалау, жобалау-ізденіс ұйымдары Ассоциациясының төрағасы А.Аникин «Инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық ізденістер бойынша түсіндірулер, ізденістердің дұрыстығын есептеу» тақырыбында баяндама оқыды.