Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі

2013-09-25
«Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі
«Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі
«Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі
«Тілге құрмет – елге құрмет» фестивалі
2013 жылдың қыркүйек айының 17-23-і аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты фестивалі өтті. Онда «Мемсараптама» РМК-нің Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі филиалдары жиналды. Бұл фестивальға біздің филиалдың Қзылбаева Г.Ғ., Мирманова К.А., Адайбаева А.О., Көшмұханов А.С. мамандары да қатысты. Фестиваль 3 айналымнан тұрды. 1.«Көркем сөз» айналымы. А.Адайбаеваның орындауында Нұралы Әжіғалиевтің «Атырау-өлкем» өлеңі оқылды. 2.Әр ұлттың өз тілінде халық әндерін орындау – 2 айналымы. К.Мирманова мен Г.Қзылбаева орындауында украин халық әні «Нич яка мисячна» орындалды. 3.Барлық ұлттардың достық биі (Венский вальс) – 3 айналымы. Адайбаева А. мен Көшмұханов А. биі тамашаланды. Үш айналымның қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы 1 орынға ие болды. Келесі Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған фестивалі 2014 жылы Атырау қаласында өтеді деп жоспарланды.