Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК құрылуының 25 жылдығына арналған Спартакиада

2013-07-22
«Мемсараптама» РМК құрылуының 25 жылдығына арналған Спартакиада
Мемлекеттік сараптама жүйесінің құрылуының 25 жылдығын атап өту мақсатында «Мемсараптама» РМК «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2013 жылғы шілденің 18-21 аралығында спартакиада өткізді. Спорт шаралары спорттың 5 түрінен жүргізілді: шағын футбол, волейбол, шахат, үстел теннисі және арқан тарту. «Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелерінің 140-қа жуық қызметкерлері спартакиада ойындарына ат салысты. Жарыс нәтижесі келесідей болды: 1 орын – Алматы облысы бойынша филиалының командасы; 2 орын – Астана қаласы бас кәсіпорынның командасы; 3 орынды екі команда бөліп алды: Алматы қаласы бойынша филиалының командасы және Ақмола облысы бойынша филиалының командасы. Спартакиаданың салтанатты жабылуында жарыстың әр түрінен жеңіске жеткен әр жеңімпазға кубоктар, ескерткіш медальдар, ақшалай сертификаттар, сондай-ақ аса көзге түскен спортсмендерге бірнеше номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар берілді.