Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Талдықорған қаласындағы «Тілге құрмет-елге құрмет» республикалық фестивалі.

2013-09-27
Талдықорған қаласындағы «Тілге құрмет-елге құрмет» республикалық фестивалі.
Талдықорған қаласындағы «Тілге құрмет-елге құрмет» республикалық фестивалі.
Қазақстан халықтарының Тілдер күні аясында 2013 жылдың 19-20 қыркүйекте Талдықорған қаласында І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты республикалық фестиваль өтті. Фестиваль «Жобаларды мемлекеттік ведомствадан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорын ұжымы үшін дәстүрге айналған, киелі жетісу жерінде ол үшінші рет өткізілді. І-турда қатысушылар мемлекеттік тілде ұлттық киімде өз өлкелері жайында өлең оқыды. Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт әндерін: қазақ, түрік, украин,орыс, неміс, корей және көптеген өзге де ұлт әндерін фестиваль көрермендері мен қонақтары 2-турда тамашалады. Конкурсанттар әдемі ұлттық киімдерде өнер көрсетіп, ән орындаулары билермен, ұлттық халықтық аспаптарда сүйемелденді. Фестиваль ұлттар достығы Вальсімен аяқталды. Әдемі балдық көйлектегі қыздар, олардың фрак киген серіктестері шынайы Вена балындағындай көрінді. Зал біздің еліміздің түрлі аймақтарынан келген конкурсанттарды ыстық қошеметпен қарсы алған көрермендер мен қонақтарға толы болды. Фестивальдің құрметті қонаға ретінде Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Кадрлар департаментінің директоры А.Е. Байжанов, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Г.Р. Әбдірайымов, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Г. Баталов, сондай-ақ Алматы облысының шығармашылық интелегенциясының өкілдері шақырылды. Фестивалдің қазылар алқасының құрамына мәдениет, Алматы облысының Қазақстан халық ассамблеясының өкілдері, ақын әрі публицист Арын Әмре және басқалары кірді. І-орын Атырау облысы бойынша филиалына берілді, екінші орынды Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалының қатысушылары,үшінші орын Алматы қаласы филиалының қатысушылары жеңіп алды. Ең үздік мәнерлеп оқыған Ақтөбенің қатысушылары болса, әнді үздік орындаған-Ақтаудан , Пертопавлдан келген қатысушылар вальсті үздік орындаса, ең әдемі ұлттық костюм павлодарлықтардыкі, ең әдемі концерттік костюм Бас кәсіпорын өкілдерінікі болды. Барлық қатысушылар Талдықорған қаласының әкімдігінен құрмет грамоталарымен, Қазақстан халықтар Ассамблеясы мен Тілдер жөніндегі комитеттің алғыс хаттарымен марапатталды. Жеңімпаз-«Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы әріптестері-талдықорғандықтардан эстафетаны қабылдады.