Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру» семинар

2013-09-03
«Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру» семинар
2013 жылғы 3 қыркүйекте «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында «Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру» тақырыбында БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірге семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: құрылыс саласындағы сарапшылардың кәсібилігін арттыру, халықаралық тәжірибемен алмасу, жобалауда энергия тиімділігі мәселесін, оның ішінде «Энергия тиімділігі» тарауы бойынша есептеулерді орындауды қарастыру және талқылау. Филиал директоры Шымыр Досмурзиевич Карманов кіріспе сөз сөйледі. Энергия үнемдеу туралы заңнама бойынша төмендегілер сөз сөйледі - Абылкаирова Баян, БҰҰДБ/ГЭФ жоба менеджері . «ҚНжЕ-де жылуды қорғау мен энергияны үнемдеуге талаптарды арттыру» бойынша «Ғимараттардың жылуын қорғау» - Гагарин Владимир Геннадьевич, құрылыс жылу физикасы зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, Мәскеу қ. РСҚҒА корреспендент-мүшесі. Энергиялық тиімді және енжар ғимараттарды жобалауға Еуропалық ұстаным бойынша, экологиялық сертификация - Фирмэ Ван Халст, "ВК-Астана/Архитекторы и Инженеры" бас директоры, Бельгия. Семинар дискуссия түрінде өткізілді. Семинар тыңдармандары ретінде Алматы қаласының жобалау ұйымдары мен құрылыс фирмаларының және «Мемсараптама» РМК Алматы облысындағы филиалының қызметкерлері қатысты.