Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жаңа тұғырнамасы жөніндегі республикалық семинар

2013-07-29
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жаңа тұғырнамасы жөніндегі республикалық семинар
«Мемсараптама» РМК-нің қызметін жетілдіру бағдарламасы жөніндегі іс-шаралардың аясында әзірлеушісі «НАТ Казақстан» АҚ болып табылатын ЭҚАБЖ-да үйлесімді жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық қабылдау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жүзеге асырылуда. 2013 жылдың 24-25 шілде аралығында «НАТ Қазақстан» АҚ-ның Астана қаласындағы ғимаратында жобалардың мемлекеттік сараптамасындағы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жаңа тұғырнамасы жөніндегі республикалық семинар өтті. Оқыту курстарында жүйенің жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық жүйе арқылы қабылдау ықпалдастығы көрсетілді. Республикалық семинарда «Мемсараптама» РМК-нің аумақтық бөлімшелерінің жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық құжат айналымын қамтамасыз ететін үрдістерімен тікелей айналысатын мамандары қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар курс өткендігін растайтын сертификаттарға ие болды.