Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

БМЖ ішкі аудиторларын даярлау

2013-04-24
БМЖ ішкі аудиторларын даярлау
БМЖ ішкі аудиторларын даярлау
Қызметкерлердің біліктілігін көтеру бағдарламасы шеңберінде а.ж. 15 сәуірінен 18-не дейін «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының БМЖ бойынша жауапты тұлға Е.А.Өмірзақов Астана қаласында «Қазақстан сапа мекемесі» ЖШС ұйымдастырып өткізген оқу жоспар-семинарына қатысты. Семинар тақырыбы: «ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OНSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптары негізінде біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау». Оқу семинарын өткізудің негізгі мақсаты мамандардың біліктілігін көтеру және біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиторларын даярлау болып табылған. Оқу жоспар-семинарында халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келесі тақырыптар қарастырылған: 1. ISO 9000:2005 Сапа менеджмент жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздік. Сапа менеджмент қағидаттары. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі ережелерін сипаттайды және сапа менеджмент жүйесі үшін терминологияны орнатады. 2. ISO 9001:2008 Сапа менеджмент жүйесі. Мекеме тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін және міндетті талаптарға қолданылатын, тұтынушылардың разылығын арттыруына бағытталған өнімді ұсыну қабілеттілігін көрсету қажеттілігі туындаған кезде сапа менеджмент жүйелерінің талаптарын анықтайды. 3. ISO 14001:2004 Заңдар талаптарын, мекеме орындауды міндетіне алған талаптар, және маңызды экологиялық аспектілер жөнінде ақпаратты есепке ала отырып, мекемеге саясатын, мақсаттарын әзірлеп енгізуге көмектесу мақсатында экологиялық менеджмент жүйесіне талаптар орнатады. 4. ISO 18001:2007 Мекемеге ӨДҚ саласында тәуекелдерді қадағалау және ӨДҚ саласында нәтижелілік көрсеткіштерін жетілдіруге көмектесу үшін өндірістегі денсаулық пен қауіпсіздік (ӨДҚ) менеджмент жүйесіне талаптар орнатады. 5. ISO 19011:2011 Аудит қағидаттарын, аудит бағдарлама менеджментін және аудитті жүргізу, сонымен қатар аудит бағдарламасына, аудиторлар мен аудиторлық топтарға жауапты тұлғаларды соның ішінде аудит үдерісіне қатысатын тұлғалардың құзіреттілігін бағалау бойынша басты нұсқаулықтарды қоса менеджмент жүйесі аудиті бойынша басты нұсқаулықтарды ұсынады. Оқу үдерісінде тыңдаушылармен өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер мен жауаптар алынған болатын, сонымен қатар практикалық сабақтар өткізілді. Оқу жоспар-семинары және емтихан тапсыру соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді.