Вход в систему

Опрос

Удобен ли в использовании портал электронной сдачи ПСД?:

Последние ответы на вопросы

«Active Directory домен қызметтерінің Windows Server 2008 конфигурациялау және кемшіліктерін жою» атты семинар

2013-04-08
«Active Directory домен қызметтерінің Windows Server 2008 конфигурациялау және кемшіліктерін жою» атты семинар

Microsoft-тің Қазақстандағы сертификатталған серіктесі High Tech For Human компаниясы өзінің Алматы қаласындағы оқу орталығында 2013 жылғы сәуірдің 1-інен 5-іне дейін «Active Directory домен қызметтерінің Windows Server 2008 конфигурациялау және кемшіліктерін жою» атты семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына «Мемсараптама» РМК әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері қатысты.
Семинарды «High Tech For Human» компаниясының ІТ-директоры – оқытушы - web-әзірлеушісі Плохотников Роман жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар Active Directory жұмысымен, домен қызметтерімен, топтық саясатпен, домен сайттарының арасындағы жұмыспен, Active Directory мониторингілеу және диагностикалаумен, DHCP, DNS жұмысымен танысты, резервті көшірме жасау және қалпына келтіру жұмыстарын орындады.
Курс аяқталғаннан кейін «Configuring and Troubleshooting Windows Server 2008 Active Directory Domain Services» курсынан өткендігі туралы сертификат табысталды.