Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан делегациясы SAER Elettropompe SpA (Италия) компаниясында болып қайтты

2013-04-16
Қазақстан делегациясы SAER Elettropompe SpA (Италия) компаниясында болып қайтты
SAER Elettropompe SpA (Италия) компаниясының шақыруымен 2013 жылғы сәуірдің 9-ынан 14-іне дейін «КазахскийВодоканалпроект» АҚ, «Мемсараптама» РМК, «Казахский Сантехпроект» ЖШС және «Силумин-Восток» ЖШС қызметкерлерінен тұратын қазақстандық делегация Италияда болып қайтты. Сапардың мақсаты компанияның өнімдерімен танысу болатын. SAER Elettropompe SpA компаниясы 500-ден астам әртүрлі үлгідегі электр сорғыларын және қуаттылығы 0,37-ден 300 кВт-қа дейін электр қозғалтқыштарын ұсынады. Шығарылатын жабдық тұрмыс секторында, өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығында, өртке қарсы жабдықта пайдаланылады және мінсіз конструкциясы бар сенімді, атқарымды өнім бейнесіне ие. Қазақстан делегациясы Италияның солтүстігінде (Гуасталла қаласы) Реджио Эмилия ауданындағы үш зауытта болды.