Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Армысың, Әз-Наурыз!»

2013-03-29
«Армысың, Әз-Наурыз!»

Іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру бойынша іс-шаралар шеңберінде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында филиал қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысуымен «Наурыз мейрамына» арналған мерекелік іс-шаралар өткен. Мерекелік іс-шаралар 2 кезеңде өткізілген.
Бірінше кезеңде, а.ж. 16 наурызда, филиал қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысуымен айналма жүйе бойынша орыс дойбы мен шахматтан ашық жарыстар ұйымдастырылып өткізілген. Жарыс басында қатысушылар мен жанкүйерлер ҚР мемлекеттік әнұранын орындады. Жарыс қорытынды турларда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған ымырасыз күрес түрінде өтті. Жарыс нәтижелері бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарға мадақтамалар және естелік сыйлықтар берілді. Жарыстың белсеңді қатысушыларына сыйлықтар берілді.
Мерекелік іс-шараларының екінші кезеңі а.ж. 21 наурызында филиал қызметкерлері үш ауылға бөліну арқылы байқау түрінде өтті. Әр ауыл қазылар алқасына ұлттық стильде безендірілген кабинеттер, мерекелік көріністер мен ұлттық тағамдар ұсынды. Мерекелік іс-шаралар қатысушылары көктемгі жаңарудың және бірліктің халықаралық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы негізінде жатқан тұрмыстық және рухани мағынаны жеткізе алды. Қатысушылар ұлттық өлеңдер айтып, би билеп, мемлекеттік тілде өлең оқыды, сонымен қатар, қатысушылар мерекелік дастарханның міндетті байқау тағамы – «Наурыз көже» дайындаудың рецептімен бөлісті. Байқау нәтижелері бойынша қазылар алқасы мемлекеттік іс-шараның бас жүлдегерін анықтады.
Қосымша ретінде байқау қатысушылары «Үздік Наурыз көже», «Үздік көрініс» және «Көркемді рәсімделген ауыл» номинациялар бойынша марапатталынды. Сонымен қатар, мадақтамалар, сыйлықтар және алғыс хаттар берілді.