Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңес

2013-04-01
«Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңес
2013 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде МСҚБжЛ аумақтық департаменттері, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар басшыларының және тұрба шығаратын қазақстандық компаниялар өкілдерінің қатысуымен 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңес өтті. Республикалық семинар-кеңес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы В.Г. Галиевтің кіріспе сөзімен ашылды. Семинар-кеңесте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің және «Казахский Водоканалпроект» АҚ-ның жетекші мамандарының материалдар, жабдықтар және оларды өндірушілердің, ерекше тәртіп, полиэтилен тұрбаларының сапасын бақылау тетіктерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Семинар-кеңес аясында қазақстандық өндірушілер «КазПласт» ЖШС және «Петропавл тұрба зауыты» ЖШС-мен тұрба өнімінің таныстырылымы өткізілді.