Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» семинары

2013-03-04
«Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» семинары
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК қоршаған ортаны қорғау саласындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығымен 2013 жылғы 28 ақпаннан 1 наурызға дейін «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды, оған «Мемсараптама» РМК-нің сарапшы-мамандары қатысты. Семинарда ҚР ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы Б.Ж. Досмақов, Төмен көміртекті дамыту департаментінің бас сарапшысы Б. Хакімжанова, ҚР ҚОҚМ «ҚОҚ АТО» РМК бас директорының орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты Л.В. Шабанова, Батыс Қазақстанның мұнай-газ кенорнын әзірлеудегі сарапшы Т.Д. Шаңбаева сөз сөйледі. Мынадай негізгі тақырыптық бағыттар қаралды: мұнай-газ саласындағы өндірістік экологиялық бақылау және мониторингілеу талаптарына өзгерістер мен толықтырулар (Каспий теңізінің қазақстандық секторы), жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар кезінде су ресурстарын қорғау саласындағы экологиялық талаптар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне көшет газдары, өндіріс және тұтыну қалдықтары, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бағдарламасы (НҚА ережелері) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ кәсіпорындардың апаттық жағдайларға дайындығы және оған әрекет ету, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, энергия тиімді технологиялар, мұнай операцияларының объектілерін тоқтатып қою және таратуға экологиялық талаптар. Семинар аяқталғаннан кейін семинарға қатысушылар негізгі тақырыптар бойынша емтихан тапсырып курсты өткендігі туралы куәлік алды.