Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Дубай қаласындағы Legrand тобының серіктестер форумы

2012-05-02
Дубай қаласындағы Legrand тобының серіктестер форумы

Дубай қаласында 2012 жылдың 23-26 сәуірінде Legrand тобының серіктестер форумына қазақстан компанияларының және ұйымдарының: «Қарағанды Жарық» ЖШС, «MDS Company» ЖШС, «ҚОР» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚұлсарыГаз» ЖШС, Назарбаев Университет, «ДСП» ММ, «Мирас» АҚ, «Кастодор» ЖШС, «Logycom» АҚ, «Қызылорда АЭК» АҚ, «ДАМУ ЦТ» ЖШС және «Мемсараптама» РМК өкілдері шақырылды.
Форум Legrand компаниясының жаңа өнімін, жабдықтардың техникалық мүмкіндігін және инновациялық ізденістерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылар Legrand компаниясының Таяу Шығыстағы (Dubai Silikon Oasis) Innoval Dubai ғимаратының орталық кеңесесінде болды, сондай-ақ Legrand компаниясының жетістіктері шоу-рум көрсетіліміне қатысты және Таяу Шығыстың құрылыс объектілерінің референс-парағын көрді.