Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өндірістік қызмет нәтижелері және инновациялар туралы («Zoom» бағдарламасы арқылы) жиналыс

2020-12-08
 «Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өндірістік қызмет нәтижелері және инновациялар туралы  («Zoom» бағдарламасы арқылы) жиналыс
2020 жылғы 19 қарашада «Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) «Zoom» бағдарламасының бейнеконференцбайланыс арқылы 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өндірістік қызмет нәтижелері бойынша жиналыс өткізді. Жиналыс филиал қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, тапсырыс берушілердің және Ақтөбе және Орал қалаларының жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Негізгі өндірістік көрсеткіштер, мемлекеттік қаражатты үнемдеу баяндалды, жобалық-сметалық құжаттамада тапсырыс берушілер жіберетін негізгі бұзушылықтар айтылды, сондай-ақ қазақстандық қамту аспектілері қозғалды. Жиналысқа қатысушыларға құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық актілердегі өзекті өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды және құрылыс объектісінің шекті құнын есептеуді жүргізу процесі көрсетілген слайд ұсынылды. Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар баяндалған ақпаратты назарға алды және жұмыста ескерілетін болады. Соңында филиал директорының м.а. А.М.Валиев жиналысқа қатысушыларға қатысқаны үшін алғысын білдірді.